DIGITAL ALMATY 2024

Алматыда «Digital Almaty 2024» ауқымды цифрлық форум өтіп жатыр. Кездесудің басты тақырыбы – өнеркәсіптегі цифрлық трансформация, дәлірек айтсақ, осы салаға озық ІТ-технологияларды енгізу. Форумға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары қатысуда.

Отырыс алдында үкімет басшылары форум жұмысымен танысты. Digital Almaty – IT мамандарын біріктіретін ірі халықаралық платформа, тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықтың басты орны.

Биыл форум «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» ұранымен өтуде. Мұнда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің жетекші компаниялары мен әзірлеушілері ұсынылған.
Цифрлық форумнан кейін үкімет басшылары кездесуді Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында жалғастырады. Кездесулер шағын және кеңейтілген құрамда өтеді.